Елімізде бензин бағасы 5-7%-ға қымбаттайды

Фотография - Елімізде бензин бағасы 5-7%-ға қымбаттайды

Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

364 0

Ресей Федерациясынан импортталатын бензин көлемінің қысқаруына байланысты, Қазақстан нарығында бензин бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

«Қазақстан Ресейден жоғары октанды бензинді белгілі бір мөлшерде ұдайы импорттап отыратыны белгілі. Себебі, біздің зауыттар ішкі нарықты бензиннің мұндай түрлерімен қамтамасыз ете алмайды», - деді Ұ.Қарабалин.

Оның айтуынша, Ресейден жылына 800-900 мың тонна бензин импортталады.

«Қазан айында Омбы, Уфадағы ірі зауыттар жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстарынан өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, Ресейден әкелінетін мұнай өнімдерінің мөлшері азаяды. Бұл – уақытша құбылыс, десек те, бұл жайт Қазақстандағы бензин бағасына әсер ететін болады», - деді министр.

Ұзақбай Қарабалин Қазақстан нарығында бензиннің бағасы өсуі мүмкін деген болжам айтты.

«Қазір сізге нақты айта алмаймын, бірақ 5-7%-дан аспайды деп болжап отырмыз», - деп толықтырды ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!