Roshen кәмпиттерін Ресейге экспорттауға рұқсат берілді

Фотография - Roshen кәмпиттерін Ресейге экспорттауға рұқсат берілді

Ресей мен Украина Roshen кондитерлік компаниясының өнімдерін ресей нарығына қайтару туралы келісім жасады

246 0

Ресей мен Украина Roshen кондитерлік компаниясының өнімдерін ресей нарығына қайтару туралы келісім жасады. Бұл туралы Украина Аграрлық министрінің орынбасары Иван Бисюк мәлім етті.

Оның айтуынша, Роспотребнадзор Киевке бұл мәселенің қалай шешілетінін ресми түрде хабарлаған. Бұл процес үш кезеңге бөліп жүзеге асырылады. Украина алғашқы екі кезеңнің талаптарын орындады: бұл өнімді шығаратын кәсіпорындар туралы ақпарат пен барлық қажетті заңнамалық базаны берді. Қазір киевтіктер осы кәсіпорындарды тексеруге келетін ресейлік инспекторларды күтіп отыр.

Бисюк кәмпиттердің Ресей базарларына қай уақыттан бастап шығарыла бастайтыны туралы ақпаратты беруден бас тартты. Алайда, мұны жақын арада хабарайтынын айтты.

Естеріңізде болса, 2013 жылдың 29 шілдесінен бастап Roshen компаниясының кондитерлік өнімдерін Ресейде сатуға тыйым салынған болатын. Бұған себеп – Роспотребнадзор кәмпиттен мөлшерден тыс бензопирен анықтаған. Ал ТМД-ға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Молдаваның жауапты мекемелері кәмпитті өз елдеріне кіргізуге тыйым салғаннан кейін тексерулер жүргізді. Алайда, ресейлік әріптестері айтқандай, бензопиренді таба алмаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!