Қазақстанда 2013 жылы шамамен 120 мың гектар алқаптағы егін қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды

Фотография - Қазақстанда 2013 жылы шамамен 120 мың гектар алқаптағы егін қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды

Қазақстанда 2013 жылы шамамен 120 мың гектар алқаптағы егін қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды, бұл барлық сақтандандырылған алқаптың 1%-ын құрайды

201 0

Қазақстанда 2013 жылы шамамен 120 мың гектар алқаптағы егін қолайсыз ауа райы салдарынан өнбей қалды, бұл барлық сақтандандырылған алқаптың 1%-ын құрайды, деп хабарлады жұмада «ҚазАгро» АҚ-ның баспасөз қызметі.

 

«2013 жылы елімізде 12,4 млн. гектардан астам алқап сақтандандырылған, бұл сақтандандырылуға тиісті жалпы егістік аумағының 74%-ын құрайды (күзгі дақылдарды қоспағанда). «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ағымдағы ақпараты бойынша, оның ішінде 120 мың гектар егістік жердегі ауыл шаруашылығы дақылдары шықпай қалды, бұл барлық сақтандандырылған алқаптың 1%-ын құрайды (салыстырып қарасақ: өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 800 мың гектарды құраған болатын). Атап өтетіні, аталған көрсеткіш артуы мүмкін, себебі алқаптарды тексеру жұмыстары барлық аймақтарда толық аяқталған жоқ», - делінген хабарламада.

 

Қолдағы мәліметке сәйкес, қолайсыз ауа райы құбылыстарының әсерінен ең көбі Ақтөбе облысы зардап шекті, республика бойынша барлық жойылған егістіктердің 1/3 бөлігін аталған облыс құрайды, Қостанай облысы шамамен алғанда – 1/5 бөлігін, Батыс Қазақстан облысы шамамен алғанда – 1/6 бөлігін, Ақмола облысы 1/7 бөлігін құрайды.

 

Әдеттегідей, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында егіс алқаптары құрғақшылықтан зардап шекті. Ал Ақмола облысының егістігіне жауған бұршақ пен ылғалдың тым көп болуы кері әсерін тигізген.

 

Дегенмен, өткен жылдардың мәліметтерін саралай келе, жалпы алғанда 2013 жыл отандық өсімдік шаруашылығы саласы үшін қолайлы болды деуге толық негіз бар, әсіресе барлық сақтандандырылған егістіктің 10% құрғақшылық салдарынан жойылған 2012 жылмен салыстырғанда бұл әділ тұжырым болып табылады. Салыстыратын болсақ: 2010 жылы шамамен алғанда барлық сақтандандырылған алқаптың 9% қолайсыз ауа райы құбылыстарынан зардап шексе, 2008 жылы бұл көрсеткіш 5%-ды құраған. Өсімдік шаруашылығы үшін ең қолайлысы 2011 жыл болды, онда алқаптардың жойылу көлемі 1%-ды құраған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!