Франция Үкіметі бюджет шығынын 20 миллиард еуроға қысқартады

Фотография - Франция Үкіметі бюджет шығынын 20 миллиард еуроға қысқартады

Франция Үкіметі бюджет шығынын 20 миллиард еуроға қысқартатын болды

175 0


Франция Үкіметі бюджет шығынын 20 миллиард еуроға қысқартатын болды. Бұл туралы елдің 2014-ші жылға арналған бюджет жобасында қамтылған. Осыған орай түрлі жеңілдіктер мен субсидиялар қысқартылып, одан 2 жарым миллиард еуро үнемделмек. Ал елдің автокөлік өндіру саласына берілетін жеңілдіктен 230 миллион еуро қысқартылады. Сондай-ақ, ел үкіметі білім беру, тұрғын үй саласына арналған 720 миллион еуроны да жұмсамауды көздеп отыр. Францияның Қаржы министрінің мәліметінше, мұндай шаралар елді салықтардың қымбаттауынан сақтайды. Енді аталған жоба алдымен Еурокомиссияда, сосын Франция Парламентінде дауысқа түседі. Бірақ француз оппозициясы: «Бюджетті қысқарту елдің экономикалық өсуіне кедергі болады», - деп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!