Жамбыл облысында экспорт тауарлары импорттан екі есе асып түсті

Фотография - Жамбыл облысында экспорт тауарлары импорттан екі есе асып түсті

Жамбыл облысында экспорт тауарлары импорттан екі есе асып түсті, деп хабарлады осы аймақтың кедендік бақылау департаменті

249 0

Жамбыл облысында экспорт тауарлары импорттан екі есе асып түсті, деп хабарлады осы аймақтың кедендік бақылау департаменті.

Кедендік бақылау департаментінің тәуекелдерді талдау және статистика бөлімінің басшысы Ардақ Ізбасаровтың айтуынша, облыстық сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде экспорт 69 пайызды, ал импорт - 31 пайызды құрады.

«Аймақта жамбылдық кеден қызметі экспорт жеткізілімдерінің географиясы әлемнің қырыққа жуық елін қамтыды. Олар - Қытай (экспорттың жалпы көлемінің 44,5% ), Канада (13,5), Франция (10,8), АҚШ (5,6), Польша (4,3), Чехия (4,1), Қырғызстан (3) және Германия (2,8 %). Экспорттың жалпы көлемінде химия саласы мен уран басым - 90,64 %, немесе 795,9 млн. АҚШ доллары», - деді кеден өкілі.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар әлемнің 50 елінен өнімдерді импорттауда, деп атап өтті А.Ізбасаров. Қырғызстаннан Жамбыл облысына тауарлардың 36,5 %-ы (негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері), Бразилиядан - 18,1 % (қант қамысы), Украинадан - 14 %, Қытайдан - 10,2, Литвадан - 2,3, Түрікменстаннан- 2,2, Германиядан - 1,7 % тауар жеткізіледі.

2013 жылдың жеті айы ішінде Жамбыл облысының тауар айналымы 1,272 млрд. АҚШ долларын құрады, деп атап өтті Жамбыл облысының кедендік бақылау департаментінен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!