Қызылорда фермерлері 20 млн. теңгеден астам субсидия алды

Фотография - Қызылорда фермерлері 20 млн. теңгеден астам субсидия алды

Қызылорда қаласына қарасты елді мекендердің шаруа қожалықтары биыл 20 млн. теңгеден астам субсидия алды

259 0

Қызылорда қаласына қарасты елді мекендердің шаруа қожалықтары биыл 20 млн. теңгеден астам субсидия алды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Осының арқасында биылғы жылдың 8 айында Қызылорда қаласындағы 7 шаруа қожалығы 13 бас асыл тұқымды бұқа, 184 бас аналық сиыр сатып алды», - делінген хабарламада.

«Нәтижесінде мал өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарына барлығы 20 млн. 155 мың теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді», - дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қуанышбек Ахметов.

Қала шаруа қожалықтарына өндіретін өнім түрлеріне байланысты мемлекет тарапынан әртүрлі мөлшерде субсидия төленіп келеді. Былтыр шаруашылықтарға мал басын толықтыру, күту, селекциялық және өзге де жұмыстар жүргізу үшін 22 млн. 913 мың теңге берілді. Ал биыл бір шаруашылыққа 211,5 тонна сүт өндіргені үшін - 2115,2 мың теңге, 78 тонна шұбат, 25,5 тонна қымыз өндірген 2 шаруашылыққа 5823,4 мың теңге субсидия берілсе, мал басын дамытып, оның ішінде аналық мал басының үлесін арттырған 9 шаруашылық 2554,8 мың теңге қаржы алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!