АҚШ-та үкімет дағдарысы туындады

Фотография - АҚШ-та үкімет дағдарысы туындады

АҚШ сенаты келесі жылы үкіметті қаржыландыруға арналған бюджет жобасын кері қайтарды. Бұған дейін заң жобасын көпшілігі республикашылдар құрайтын өкілдер палатасы мақұлдаған еді

190 0

АҚШ сенаты келесі жылы үкіметті қаржыландыруға арналған бюджет жобасын кері қайтарды. Бұған дейін заң жобасын көпшілігі республикашылдар құрайтын өкілдер палатасы мақұлдаған еді.

Өкілдер палатасы президент Барак Обама ұсынған денсаулық сақтау саласын реформалауды қаржыландыруды тоқтатуды қолдаған. Көпшілігі демократтардан тұратын сенат бұған қарсылық білдірді. Бұл АҚШ-та соңғы 17 жылда болмаған үкімет дағдарысына ұласуы мүмкін.

Егер 1 қазанға дейін Конгрестің қос палатасы бір шешімге келмесе, онда федералдық құрылымдарда жұмыс істейтін 800 мыңға тарта адам белгісіз мерзімге ақысыз демалысқа жіберілуі мүмкін. Үкіметтегі дағдарыс қаупінен әлемдік қор биржаларындағы акция бағалары төмендеп кеткен.

CBS News телеарнасы және New York Times басылымы жүргізген сауалнамаға қарағанда, тұрғындардың 44 пайызы "дағдарысты жағдайды тудырған республикашылар" деп жауап берген. Америкалықтардың 35 пайызы "үкіметтің дағдарысқа ұшырауына Обама мен демократтар жауапты" дейді. Ал тұрғындардың 16 пайызы дағдарысқа екі жақты да кінәлайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!