«ҚазМұнайГаз» 2017 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына 797 млрд теңге бөледі

Фотография - «ҚазМұнайГаз» 2017 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына 797 млрд теңге бөледі

Бұл туралы бүгін алматылық журналистерге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев мәлімдеді.

162 0

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2013-2017 жж аралығында геологиялық барлау жұмыстарына 797 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін алматылық журналистерге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Құрманғазы Исқазиев мәлімдеді.

«Құрлықтық блок мәселелеріне келетін болсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) 2013-2017 жылдар аралығындағы геологиялық барлау жұмыстарына барлық жобалармен қоса 797 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр», - деді Қ.Исқазиев.

ҚМГ басшылығы осы жетістіктермен тоқтап қалмаймыз дейді. Қ.Исқазиевтің айтуынша, компанияның 3D және 2D форматында сейсмобарлау жұмыстары бойынша үлкен жоспарлары бар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!