Несие беруден Халық банкі бірінші орында

Фотография - Несие беруден Халық банкі бірінші орында

Ол бір айда несие қоржынын 49 млрд. теңгеге кеңейтіп, Қазақстан бойынша несие әлеуетінің 13% құрады. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.

291 0

 Еліміздегі қаржы орталықтарына несие беруден Халық банкі тың серпіліс берді. Ол бір айда несие қоржынын 49 млрд. теңгеге кеңейтіп, Қазақстан бойынша несие әлеуетінің 13% құрады. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.

Жалпы несиелендіру бойынша Халық банкі көлемі 1,6 трлн. теңге несие қоржынымен бірінші орынға жайғасты. Екінші орынды несиелендіру деңгейі 5,7% өскен Kaspi банкі иеленді. Ол бір айда 36 млрд теңгені несиеге берген. Алғашқы үштікті 28 млрд. теңгемен Сбербанк қорытындылады. Ал, АТФ банк аутсайдер атанып отыр. Оның несие қоржыны керісінше 39,4 млрд. теңгеге азайған екен.

Зерттеу нәтижесі бойынша, соңғы айда Қазақстанның несие нарығы 0,9% (107,3 млрд теңгеге) өсіп, қаржы институттары 12,5 трлн. теңгеге несие берген.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!