Павлодар облысы көмір қоры бойынша бірінші орында

Фотография - Павлодар облысы көмір қоры бойынша бірінші орында

Қазақстан бойынша Павлодар облысы көмір қоры бойынша бірінші орында. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Арын брифингте мәлім етті

190 0


Қазақстан бойынша Павлодар облысы көмір қоры бойынша бірінші орында. Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Арын брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Соңғы жылдары Павлодар облысының даму көрсеткіші көңіл қуантады. Қазіргі таңда аймақ көмір қоры бойынша елімізде бірінші орында. Ал, өндірісте кеңінен қолдатылатын никель мен мыстың көлемі бойынша сәйкесінше екінші және бесінші орында келеді. Аймақ алтынға да бай, құнды металлдың қоры бойынша облыс төртінші орынды иеленіп отыр», - деді Ерлан Арын.

Сондай-ақ ол, өңірдің даму жолында мемлекеттік ҮИИД бағдарламасының үлесі зор деп атап өтті. Бүгінде индустрияландыру картасы шеңберінде облыста құны 744,5 млрд. теңге тұратын 82 жоба іске асырылуда. Ілкімді іс іркілмей іске асатын болса тұп-тура 10332 тұрғын жұмыспен қамтылатын болады», - деді Е.Арын.

«Биыл 38 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту арқылы 2 жоба пайдалануға берілді. Соның арқасында 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін Индустрияландыру картасының 6 жобасын іске қосу жоспарда бар», - деп аймақ басшысы атап өтті.

«Жалпы индустриаландыру картасын іске асырудан бастап барлығы 226,7 млрд. теңгеге 51 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 3924 жұмыс орны ашылған болатын. Олардың ішенен 43 жоба жоспарлы қуаттылыққа шықса, 2 жоба 60%-ы аса жоспарланған қуаттылыққа қол жеткізді», - деп облыс әкімі өз ойын түйді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!