Қазақстанда бензин бағасы 7 теңгеге қымбаттайды

Фотография - Қазақстанда бензин бағасы 7 теңгеге қымбаттайды

Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлiмдедi.

200 0

Қазақстанда АИ-92 мен АИ-93 бензинi 7 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихаты барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлiмдедi.

«Мұнай бағасы өстi. Бензин бағасы мұнай құнына тiкелей тәуелдi екенiн бiлесiздер. Біздің Агенттiк, Мұнай және газ, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi бұйрыққа қол қояды. Бензин бағасы қай күннен бастап өсетiнi 12 қазанға дейiн белгiлi болады. АИ-92 мен АИ-93 бензинінің бағасы 110 теңгеден 117 теңгеге дейiн өседi», - дедi Алпысбаев.

Сонымен қатар, ол ДСҰ елдерiнде, Кеден одағына мүше Ресейде бензин бағасы 30-40 теңгеге қымбат екендiгiн тiлге тиек еттi.

«АИ-92 мен АИ-93 бензинінің бағасы өзгермегенiне бiр жыл болды, өткен жылдың қазан айынан бері өзгермеген. Мұнай бағасы төмендесе, бензин бағасы да арзандайтын болады», - деп түйiндедi ол.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!