Қазақстанның мұнай өндiру көрсеткiшi 3 есе артты

Фотография - Қазақстанның мұнай өндiру көрсеткiшi 3 есе артты

Қазақстанның жылдық мұнай өндiру көрсеткiшi 80 млн тоннаға жетті

191 0

Қазақстанның мұнай өндiру көрсеткiшi 3 есе артты. Бұл жөнiнде ағымдағы жылдың 8 қазанында Астанада өтетiн VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында «Жергiлiктi үлестi дамыту – халықаралық тәжiрибе және озық тағылымдар» тақырыбында өткен сарапшылар семинарында ҚР Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiмдедi.

«KAZENERGY Еуразиялық форумы жыл сайын мәртебесiн күшейтiп, кеңейiп келедi және бүгiнгi семинарда жергiлiктi үлес мәселесi қозалып отыруы да тектен-тек емес. Тәуелсiз 22 жылда Қазақстан мемлекеттiң базалық институттары мен макрокөрсеткiштердi дамытуда үлкен қадамдар жасады. Қазiр әлемнiң қарқынды дамып келе жатқан елдерiнiң бестiгiне және ЖIӨ деңгейi бойынша көшбасшы елу елдiң қатарына кiремiз. Қазақстан экономикасының тұрақтылығын жақында ғана орын алған әлемдiк қаржылық құлдырау да растап отыр. Республиканың мұнай саласы тәуелсiздiк жылдарында әлеуметтiк-экономикалық реформалардың қуат күшiне айналды. Сонымен, Қазақстанның мұнай өндiру көрсеткiшi 3 есе артып, жылына 80 млн тоннаны, газ өндiру 5 есе өсiп, 40 млрд текше метрдi құрады» , - дедi министр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!