2013 жылы КО аясында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 72%-ға өсті

Фотография - 2013 жылы КО аясында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 72%-ға өсті

Бұл жөнінде бүгін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

196 0

2013 жылы Кеден Одағы аясында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 72%-ға өсті. Бұл жөнінде бүгін қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі талқыланған Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«2013 жылы Кеден одағы аясында тауар айналымында оң үрдіс байқалады. 2010-2011 жылдары Кеден одағына мүше елдермен импорт 14-41 пайызға, экспорт 4-7 пайызға өссе, 2012 жылы импорт 2,5 пайызға, ал экспорт 25,8 пайызға өсті. Осы ретте биылғы жылдың жеті айында импорт 2 пайызға ғана, ал экспорт 72 пайызға артып отыр», - деді Асылжан Мамытбеков.

Оның айтуынша, 2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен тамақ өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемі 830 млрд теңгеге жеткен. 3 млрд доллар өнім импортталса, құны 1,1 млрд доллар ауыл шаруашылығы тауары экспортқа шығарылыпты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!