Сүт өнімдері импортын кеміту үшін 44 млрд теңге қаражат бөлінбек

Фотография - Сүт өнімдері импортын кеміту үшін 44 млрд теңге қаражат бөлінбек

Бүгін Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков азық-түлік өнімдеріне қатысты баяндама жасады

471 0

Бүгін Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков азық-түлік өнімдеріне қатысты баяндама жасады. Бұл жөнінде Baq.kz хабарлайды. 

Мінберге шыққан Асылжан Сарыбайұлы, еліміз азық-түлік тауарларының ішінде сүт өнімдерін шығаруда өз-өзімізді қамтамасыз ете алатын мүмкіндігіміз болғанымен, импорттық үлестің аз еместігіне тоқталды. Атап айтқанда, қанттың 61 пайызы, ірімшік пен сүзбенің 55 пайызы сырттан тасымалданады екен.

- Бұл өнімдерді негізінен өзіміз де шығара аламыз. Есесіне, ұн өнімдері (макарон, кондитерлк өнімдер) мен өсімдік майының экспортын ұлғайтуға әлеуетіміз толық жеткілікті. Осы мақсатта министрлік 7 бағытта жұмыс атқаруды жоспарлауда. Оның ішінде сүт, ет, бидайды тереңдете өңдеу, қант, май, тері және жүн өңдеу түрлері бар. Осылардың ішінде сүт өңдеуге қатысты нақты жоспарға кеңірек тоқтала кетейін, - деді министр.

- Мұнда көзделген басты мақсат, импорттық тауар ағынының кемуі үшін, отандық сүт өнімдерін ұлғайту. Ал енді статистикаға жүгінсек, бүгінде елімізде 4,8 млн тонна сүт өңделеді. Оның ішінде экпорт көлемі 22 мың тонна болса, импорт 903 мың тоннаны құрайды. Бұл жердегі сандардың алшақтығының сыры, сүт сапасының төмендігі мен ірі қаралардың басым бөлігінің жекеменшік қолда болуымен тікелей байланысты. Оған қоса, шаруа қожалықтарының аздығы да қалың бұқараны ақпен қамтамасыз етуде аздық етіп отыр. Сонымен қатар, өңдеу технологиясы мен техникалардың қамбаттығы сүт өндіруде өз ықпалын тигізіп жатқаны жасырын емес. Осы орайда, 2020 жылға қарай сүт өңдейтін 220 кәсіпорын ашу жоспарлануда. Сол кезеңге дейін мемлекеттің қолдаумен арнайы бағдарлама аясында 2 мыңға жуық ірі қара фермаларын іске қосу көзделуде. Ол үшін аталған саланы қаржыландыру, субсидиялау, несиелендіру мәселелеріне қатысты бірқатар қиындықтар бар. 2020 жылға дейін осы мақсатқа 44 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде, құрғақ сүтпен қамтуда 2 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін, ірімшікті 6,5 тоннадан 10 мыңға дейін, сары май көлемін 13 мыңнан 28 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, - деді Ауыл шаруашығылы министрі Асылжан Мамытбеков.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!