«Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш монетасы шығарылды

Фотография - «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш монетасы шығарылды

Ұлттық Банкі 4 қазаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш күміс монетасының айналысқа шығарылғанын мәлім етті

212 0

Ұлттық Банкі 4 қазаннан бастап номиналы 100 теңгелік «Бокстан әлем чемпионаты. Алматы 2013» ескерткіш күміс монетасының айналысқа шығарылғанын мәлім етті.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 3 мың дана. Оның бет жағындағы орталық бөлігінде Қазақстан елтаңбасы бейнеленген. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар және қыры бедерлі. «100 ТЕҢГЕ», «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан орналасқан және шығыңқы жиек бар. Сырт жағының орталық бөлігінде жарыс кезіндегі рингтегі боксшылар бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Халықаралық бокс қауымдастығының логотипі және бокстан әлем чемпионатының өткізілетін орны мен жылын білдіретін «ALMATY 2013» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде ағылшын тілінде «AIBA WORLD BOXING CHAMPIONSHIPS» деген жазу бар.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!