Теңге девальвацияға ұшырамайды

Фотография - Теңге девальвацияға ұшырамайды

Теңге құнсызданбайды. ҚР Ұлттық банктің жаңа төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында төл валютаның девальвацияға ұшырамайтындығын айтты

185 0

Теңге құнсызданбайды. ҚР Ұлттық банктің жаңа төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында төл валютаның девальвацияға ұшырамайтындығын айтты.

"Бұрын Марченко мырза теңгенің девальвациясын жүргізген болатын. Салдарынан халықтың көбісі жиған қаржысынан айрылып қалды. Үкімет сіздің қолыңызбен тағы да осындай валютаның құнсыздануын жасайын деп отырған жоқ па?" деп сұрады жиын барысында С.Жалмағамбетова Келімбетовтен.

"Алаңдауға ешбiр негiз жоқ екендiгiн тағы да бiр рет атап өткiм келедi. Ұлттық валютаның курс бағамына әсер ететiн негiзгi саясаты ешбiр өзгерiске ұшыраған жоқ. бұл мәселе мұнай бағасы мен Ресей валютасына да қатысты" деді төраға - деп хабарлады  baq.kz

Естеріңізге салайық, 1 қазан күні Елбасы Григорий Марченконы Ұлттық банк төрағасы қызметінен босатып, оның орнына Қайрат Нематұлы Келімбетовті тағайындаған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!