Үмiтсiз несиелердi жоюда банктердi салықтық ынталандыру қажет

Фотография - Үмiтсiз несиелердi жоюда банктердi салықтық ынталандыру қажет

Бүгiн Сенат отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов депутаттарды Салық кодексiнде банктердi үмiтсiз несиелердi жою бойынша салықтық ынталандыру нормасын сақтап қалу ұсынысын қолдауды өтiндi.

346 0

 Бүгiн Сенат отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов депутаттарды Салық кодексiнде банктердi үмiтсiз несиелердi жою бойынша салықтық ынталандыру нормасын сақтап қалу ұсынысын қолдауды өтiндi.

«Банктердiң депозиттiк базалары тұрақты түрде өсiп келедi. Несиелендiру мәселесiне келетiн болсақ, 2013 жылы банктердiң экономиканы несиелендiрудiң қалыпты өсiмi сақталып қала бермек. Банктердiң жұмысын несиелендiру бойынша жандандыру үшiн бұл кезеңде туындап отырған негiзгi мәселелердiң бiрiн шешу қажет. Бұл - банктер балансын «жаман неиселерден» тазарту. Ұлттық банк шаралар кешенiн жүйелi түрде iске асырып жатыр. Оның iшiнде қиындық туғызатын несиелер қорын құру, сондай-ақ банктердiң қиындық туғызатын активтердi басқару бойынша еншiлес ұйымдарын құру мәселелерi де бар. Банктердi үмiтсiз несиелердi жою бойынша салықтық ынталандыру бар. Осыған орай депутаттарды Ұлттық банктiң аталмыш норманы Салық кодексiнде сақтап қалу бойынша ұсынысын қолдауды өтiнемiн. Себебi, бұл норманың күші 2013 жылы аяқталмақ», - дедi Келiмбетов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!