Бизнесмен «ЭКСПО-2017» нысандарын саман кірпіштен қалауды ұсынады

Фотография - Бизнесмен «ЭКСПО-2017» нысандарын саман кірпіштен қалауды ұсынады

Астананың тумасы Ұлыбританияда саман кірпіш өндіру бойынша бизнес құруды қолға алыпты.

217 0

Астананың тумасы Ұлыбританияда саман кірпіш өндіру бойынша бизнес құруды қолға алыпты. Ол аздай, жерлесіміз «ЭКСПО-2017» көрмесі үшін бірқатар нысандарды көтеру үшін еліне оралуды да көздеп отыр.

«Кәсіпкер Бақыт Ораз арзан құрылыс материалдарын өндіру бойынша Еуропа нарықтарын бағындырып келеді», - деп жазады басылым. Ол жақта бәсекелестіктің зор екенін жасырмады бизнесмен. Түрік өндірушілері қандайда бір жаңалық ашуға мүмкіндік қалдырмаған, десек те жетістіктің кілті аяқ астыларында жатқанын олар аңғармағанға ұқсайды.

«Англияға алғаш келгеннен-ақ мені жергілікті саз-балшықтың құрамы қатты қызықтырды, - дейді қазақстандық. - Күз мезгілі және ағылшын балшығын көріп бірінші ойыма келгені: «Бұл балшық саманнан басқа түкке жарамайды!». Ал Англияда шынымен қандай саман екен? Содан келе маған «Еуропада не себепті осы әдісті қолданып көрмеске?» деген ой келді».

Бақыт саман өндіруге қажетті топырақтың саз-балшықты құрамынан бөлек тұманды Альбион өзге де қоспаларға: қамыс, жоңқа, сүйектен жасалған желімге бай деп есептейді. Англияда саман кірпіштің өз бағасы тиынға тең. Ал қазіргі қалау материалдарының деңгейімен салыстырғанда сапасы жағынан заманауи композиттерден еш кем түспейді.

«Ең бастысы – өндіріс экологиялық таза, - дейді жерлесіміз. – Басты екпінді дәл осыған қойып отырмын, себебі Британияда қандайда бір қуат көздерін фабрика жауапкершілігіне алу өте күрделі, өйткені онда өндірістің қоршаған ортаға әсерін қатаң қадағалайды. Жалпы талаптар бойынша жергілікті фирмалармен бәсеке болу мүмкін емес. Ол осы артықшылықты пайдалана отырып, тек жаңа өндірісті құрып қана қоймай, оны «ЭКСПО-2017» тақырыбымен негіздеуге мол мүмкіндік бар. Тіпті, қандайда бір нысандардың, әрине саманнан жасалған, құрылысы үшін Қазақстанға инвестиция аудару жағын да жоққа шығармаймын».

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!