Қазақстан экономикасы қалыпты жағдайда

Фотография - Қазақстан экономикасы қалыпты жағдайда

Қазақстан экономикасы бірқалыпты, жаман емес деп айтуға болады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты

158 0

Қазақстан экономикасы бірқалыпты, жаман емес деп айтуға болады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Дүниежүзінде шынында да қуантарлықтай экономиканың өсімі орын алып отырған жоқ. Оның барлығы бізге ықпалын тигізеді. Дегенмен, осы жағдайда Қазақстанның жалпы барысы, экономикасы бірқалыпты жаман емес деп айтуға болады»,-деді Президент.

Елбасының атап өтуінше, Үкіметтің осы бағытта жұмыс істей бастағанына әрі еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының орындалуы жүзеге аса бастағандығына 1 жыл болып отыр. Аталған стратегияның алға қойып отырған ең маңызды мақсаты - Қазақстанның 30 өркендеп, өскен елдің арасынан орын алуы.

«Қиындық, әрине Еуропада, Батыста, басқа да елдерде бар. Ресей мен Қытай экономикасының төмендеуі бізге де ықпалын тигізеді. Бірақ оған қарамай, оларды айта бермей, өз шаруамызды тындыруымыз керек», - деген Мемлекет басшысы мына аласапыран заманда алдымызға қойылған үлкен мақсаттарды жүзеге асыруда кемшіліктердің орын алып отырғандығын ашық айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!