Еліміздің үш ірі қаржы орталығы бәсекеге төтеп бере алмай отыр

Фотография - Еліміздің үш ірі қаржы орталығы бәсекеге төтеп бере алмай отыр

Қазақстанның алғашы несие берушісі Казком қарыз беру көлемін 3,4 млрд. теңгеге азайтқан. Қаржы институты бұл бағыттағы жұмыстарын әлі де жалғастыруда.

172 0

Қазақстанның алғашы несие берушісі Казком қарыз беру көлемін 3,4 млрд. теңгеге азайтқан. Қаржы институты бұл бағыттағы жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Ал, БТА банкі әзірге белсенді түрде несие беретіндердің үштігінде. Алайда банк берген несиелердің 80% уақытылы өтелмейді екен. Жалпы бір жылда қос банктың нарықтағы салмағы 5% төмендеген.

  Халық банкіне келетін болсақ, ол тамыз айында 49 млрд. теңгені несиеге беріп өз қоржынын қампитқан. Бұл осы сектордағы ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.

  Несие нарығында 5%-дан 10% аралығында үлесі бар қаржы орталықтары туралы айтсақ, олар 2 пунктқа көтеріліп, несие көлемі 23,2% өскен.

  Екінші эшелондағы банктер тобына жататын АТФ-тың жағдайы мәз емес. Ол бір айда қарыз беру көлемін 39,5 млрд. теңгеге қысқартқан. Банктің жаңа қожайындары бұрынғы акционерлерден қалып кеткен нашар қарыздардан несие қоржынын тазартып жатқан көрінеді. Ал, БанкЦентрКредитте даму көрсеткіші байқалады. Алайда нарық оданда жылдам дамып келеді.

Кaspi мен Сбербанкке тоқталсақ, олар нарық заңдылықтарына еш бағынбайтындар қатарында. Екеуі несие қоржынын сәйкесінше 5,7 және 4,4% өсіріп, біріншісі 36, екіншісі 28 млрд. теңгені несиеге берген.

  Үшінші эшелондағы банктер тобына жататындар (несие нарығында 1%-дан 5% аралығында үлесі бар қаржы орталықтары) 8 пунктқа төмендеп, несие көлемін 20,4% азайтқан. Осы топтағы Ситибанк несие көлемін бірден 12,7% төмендетіпті.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!