Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

Фотография - Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны 2013 жылдың қаңтар-тамыз айында 114,6% -ға артты

153 0

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны 2013 жылдың қаңтар-тамыз айында 114,6% -ға артты. Бұл туралы ҚР Статистика агентігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

2013 жылғы қаңтар-тамызда республикада 419 406 жеңіл автомобиль тіркелген. 2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 3 667,6 мың бірлікті құрады.

Айта кетерлік жайт, елімізде он жылдан астам уақыт бұрын шығарылған көліктердің саны әлі де азаяр емес. Егер өткен жылы дәл осы уақытта олардың саны 239 388 дананы құраса, бүгінде ол көрсеткіш 244 428-ге жеткен. Сондай-ақ, зауыттан шығарылғанына 3 жыл толмаған көліктер де екі есе көбейіпті. Өткен жылы олардың саны 21 911 болса, қазіргі таңда 43485-ті құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!