Республикадағы газ конденсатының 99%-ы БҚО-да өндiрiледi

Фотография - Республикадағы газ конденсатының 99%-ы БҚО-да өндiрiледi

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев мәлiмдедi.

260 0

Республикадағы газ конденсатының 99%-ы БҚО-да өндiрiледi. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев мәлiмдедi.

«Елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiндегi Батыс Қазақстан облысының үлесi 5,6%, ал өнеркәсiп өнiмдерiндегi үлесi - 9%, ал ауыл шаруашылық өнiмдерiндегi үлесi - 4,7%. Республикалық бюджетке түсiмдердiң корпоративтiк салық төлемiнiң 2012 жылғы нәтижесi бойынша Батыс Қазақстан облысы 218 млрд теңге төлеп, Алматы қаласынан кейiнгi екiншi орынға жайғасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңiрдiң Ұлттық қорға төлеген қаражаты 253 млрд теңгенi құрап отыр. Бұл облыстардың арасында бесiншi орындағы көрсеткiш. Атап өту керек, республикада өндiрiлетiн газ конденсатының 99%-ы және газдың 47%-ы Батыс Қазақстан облысында өндiрiледi», - дедi Н.Ноғаев.

Ол атап өткендей, БҚО-ның ЖӨӨ-i республикалық көрсеткiштен 1,5 есе артық.

«Жалпы, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, өңiрлiк өнiм 1 трлн 700 млрд теңгенi құрады. Бұл жан басына шаққанда 2 млн 800 мың теңге және республикалық көрсеткiштен 1,5 есе артық», - дедi өңiр басшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

бензин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!