Доллар 40 рубльге дейін қымбаттайды

Фотография - Доллар 40 рубльге дейін қымбаттайды

Ресей билігі төл валютасын девальвациялауы мүмкін. Бүгінде 1 доллар 30 рубль болса, ол 40 рубльге дейін қымбаттайды.

174 0

Ресей билігі төл валютасын девальвациялауы мүмкін. Бүгінде 1 доллар 30 рубль болса, ол 40 рубльге дейін қымбаттайды. Бұл туралы Росбалт сайтына берген сұхбатында сарапшы Александр Разуваев мәлім етті.

Сарапшының айтуынша, елдегі бюджет тапшылығы күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Оны билік, саясаткерлер мен қарапайым халық қызу талқылауда. Алайда, бірде біреуі не себепті осылай болғанын түсінбей дал. Себебі, осы күнге дейін ел экономикасы мен бюджеттің жағдайы жақсы болыпты.

«ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ресей экономикасы доллармен есептегенде шын мәнінде 2 есе өсті. Бұл өз кезегінде мемлекеттің сыртқы қарызын төмендетіп, инвестиция тартуға жол ашты. Тіпті, Moody’s халықаралық рейтинг агентігі инвестиция тарту бойынша рейтинг берген болатын, - деді Александр Разуваев.

«Сондай-ақ сол жылдары елімізде мұнайдың бағысымен қатар оны өндіру көлемі де артты. Бір уақытта табыс салығының құны төмендетіліп, бизнес көлеңкеден шыға бастады», - деді сарапшы.

«Ал, қазіргі таңдағы бюджет тапшылығы экономикада артық ақшаның болмауымен байланысты. Оның үстіне көлеңкелі бизнесті ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Осындай жағдайда қаржыландыратын сыртқы көздер туралы айту мүмкін емес. Мұндай түйіткілді мәселенің түйінін тек өзіне сенімді, амбицияға толы мықты тұлға шеше алады. Өкінішке орай, билікте отырғандардың ішінде ондай адам табыла қоймас», - деп А. Разуваев өз ойын ашық айтты.

«Мемлекет бір ғана жағдайда бюджетті теңестіре алады. Ол үшін үкімет девальвация жасауы керек. Рас, рубль арзандаған соң инфляциядан қашып құтылы алмаймыз. Орта таптың өкілдері шығынға белшесінен батады. Алайда, Путин мен Медведевь үшін бұдан басқа шара жоқ. Мұнайдың бағасы қаншалықты қымбат болсада, девалвация болары сөзсіз. Яғни, 1 доллар 30 рубльден 40 рубльге дейін қымбаттайды», - деп сарапшы А.Разуваев өз ойын қорытындылады.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!