«ҚазТрансОйл» таза пайдасын 2,5 еседен астамға арттырды

Фотография - «ҚазТрансОйл» таза пайдасын 2,5 еседен астамға арттырды

«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) таза пайдасы ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 50,9 млрд. теңге болды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

161 0

«ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) таза пайдасы ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 50,9 млрд. теңге болды, деп хабарлайды Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайты.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 2012 жылдың тиісті кезеңіндегіден 178%-ға көп.

Бұл жерде алдын-ала шоғырландырылмаған деректер жайлы сөз болып отыр.

Негізгі қызметтен түскен кірістер 42%-ға өсіп, 125,9 млрд. теңгеге жетті. Осы уақыт ішінде 39,6 млн. тонна мұнай тасымалданған, бұл өткен жылғы деңгеймен бірдей. Ал мұнайдың жүк айналымы 27,9 млрд. тонна-шақырым болды, бұл 2012 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.

ҚТО менеджменті «келешекте де өндірістік қызметінің жоғары стандартын демеуге әрі өзінің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін барлық күш-жігерді жұмсауға ниетті» екендіктерін атап өтуде.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!