Қытайдың экономикалық өсімі артты

Фотография - Қытайдың экономикалық өсімі артты

Әлемде экономикалық қуаты бойынша екінші орында тұрған Қытайдың экономикалық өсімі шілде мен қыркүйек айлары аралығында 7,8 пайызға жетті деп хабарлады Қытай ұлттық статистикалық бюросы

119 0


Әлемде экономикалық қуаты бойынша екінші орында тұрған Қытайдың экономикалық өсімі шілде мен қыркүйек айлары аралығында 7,8 пайызға жетті деп хабарлады Қытай ұлттық статистикалық бюросы. Бұған дейінгі үш айдағы өсім 7,5 пайызды құраған. Бюро өкілінің мәлімдеуінше, өнеркәсіп, бөлшек сауда және инвестициялық салада өсім байқалады.

Соңғы бірнеше жылда Қытай экономикасының дамуы баяулап қалған еді. Сарапшылар бұған дейін "дамудың бәсеңдеуі бұдан ары да жалғасуы мүмкін" деген болжам жасаған.

Қытай биыл экономикалық даму көрсеткішін 7,5 пайызға жеткізуді мақсат етеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!