Мәскеуге ет экспорты тоқтатылуы мүмкін

Фотография - Мәскеуге ет экспорты тоқтатылуы мүмкін

Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады

162 0

Аты шулы мәскеулік Бирилевада болған соңғы жағдайлар қазақстандық ірі қара мал етін экспортына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады

Жуырда айтылғандай, Батыс Қазақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС бордақылау алаңынан ағымдағы жылы Мәскеу нарығына 500 тонна премиум-класс санатындағы ет жеткізу шартын орындауын бастаған болатын. Қазақстандық кәсіпорын өкілінің сөзіне сәйкес Бирилевада болып жатқан келеңсіз жағдайларды қадағалау нәтижесінен бүгін мәскеулік базарлар мен қоймалардың жұмысы бәсеңдеді. Сауда тасымал орталықтарындағы тексеру жұмыстары қазақстандық етті қабылдау ырғағы мен мерзімдерге кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Дегенмен, «Crown Батыс» ЖШС өкілдері сөзіне сәйкес Мәскеуге жеткізілген ірі қара мал етінің алғашқы партиясы ресейлік сауда компаниялары, сондай-ақ Кремль жабдықтаушыларының да қызығушылығын туғызды, оған себеп ресейлік мамандардың өткізген лабораториялық зерттеулері Қазақстаннан келген ет өнімдерінің жоғары сапасын дәлелдей түсті. Бордақылау алаңының еті «HALAL» стандартына сәйкес екендігін растайтын сертификатқа ие болды. «Crown Батыс» басшылары ресейлік импортерлердің уақытша қиындықтарына қарамастан серіктестердің алдында барлық міндеттемелерін орындайтынына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, бітім жасауға ағымдағы жылдың шілдесінде «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі басшысы Дулат Айтжановтың ресейлік импортер өкілдерімен өткен кездесуі түрткі болған. Ал, «Crown Батыс» ЖШС еліміздің батыс өңірінде орналасқан, қазіргі заманғы бордақылау алаңы бар, инфрақұрылымы дамыған кәсіпорын. Нысан 2010 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген, ЖШС өзіне 8 640 бас ІҚМ бір уақытта ұстау мүмкіндігі бар мал өсіру кешенін, тоңазытқыш жабдықтары бар (қуаттылығы бір ауысымда 120 бас ІҚМ) ет комбинатын және астық сақтау қоймасы бар қоспа жем зауытын қамтиды. Жоба - құны 3 571,9 млн.теңгені құрайды, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі құрамындағы еншілес компания "КазАгроӨнім" АҚ- ның қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Жалпы Қазақстан бойынша 2011-2012 жылдар аралығында 35,2 мың бордақылау алаңдары іске қосылды, оның ішінде 17,7 бордақылау алаңдары «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі қаржыландыру есебінен. Асыл тұқымды (репродукторлар) шаруаларды құру аясында холдингтің қаржылай қоладуы арқасында елімізге 22,7 мың жоғары өнімді асыл тұқымды мал әкелінді.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!