Қазақстан қор биржасы 1,02%-ға өсті

Фотография - Қазақстан қор биржасы 1,02%-ға өсті

 Қысқа сауда-саттық аптасының ішінде (16-18 қазан) Қазақстан қор биржасының (KASE) индексі 1,02%-ға өсіп, жұма күні 911,22 пункт шегінде жабылды

198 0

Қысқа сауда-саттық аптасының ішінде (16-18 қазан) Қазақстан қор биржасының (KASE) индексі 1,02%-ға өсіп, жұма күні 911,22 пункт шегінде жабылды.

   Биржалық индикатор әлемдік қор нарығының ізінше жүрді, сөйтіп АҚШ-тың мемлекеттік қарызы жөніндегі мәселеге қатысты шешімге оң қабақ танытты. S&P500 индексі өзінің тарихи максимумын жаңартты, ол қазір 1745,31 пункті құрайды.

   KASE-те 18 қазанда «Рахат» АҚ қарапайым акциялары басқаларына қарағанда қатты қымбаттады, сөйтіп оның құны - 5,54%-ға көтерілді немесе 5699,37 теңгеге жетті. «Қазкоммерцбанктің» артықшылықты акциялары 4,81%-ға өсіп, 59,95 теңге болды. Ал, «Kcell» АҚ қарапайым акциялары 3,9%-ға көтеріліп, 2471,84 теңгеге жетті.

   Кондитерлік фабриканың акциялары биржада соңғы он айда ең ликвидті ондықтың қатарында тұр. Бұл ретте атап өтерлігі, оның бағалы қағаздары үшінші санатқа жатады. Спекулятивті беленділік «Рахаттың» 76% акциясын оңтүстіккореялық LOTTE Confectionery компаниясына сату жөніндегі мәміленің аяқталуымен байланысты болуы мүмкін. Тараптар осы жылдың шілде айында тиісті келісім-шартқа қол қойған еді. Мәміле бірқатар келісілген процедуралардан өтуге тиіс болатын. Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша «Рахат» акционерлерінің құрамы, KASE дерегінше, әзірге өзгерген жоқ. Осы жылдың 11 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығына биржада компания акциялары бойынша мәміле жасалған жоқ. 3 қазаннан бастап сауда беленділігі басталды, сөйтіп ай басынан бері котировкалар 14%-ға артты - деп хабарлады  baq.kz

   «Халықтық IPO» бағдарламасының дебютанты – «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының бағасы 0,5%-ға төмендеп, 18 қазанда 791,03 теңге шегінде жабылды. Осы жылдың тамызынан бастап ҚТО котировкалары 790 теңгеден төмен түспеді, тіпті нарықтағы зейнетақы қорларының беленділігі төмен кезде де солай болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!