БҚО-да ет экспортын 2015 жылы 5 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр

Фотография - БҚО-да ет экспортын 2015 жылы 5 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде 9,6 мың басқа арналған дамыған инфрақұрылымы бар 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді

157 0

Батыс Қазақстан облысында экспортқа бағытталған өнімдерді шығару бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде 9,6 мың басқа арналған дамыған инфрақұрылымы бар 2 бордақылау алаңы пайдалануға берілді. «Батыс Кроун» мал бордақылау мекемесі Ресейдің Мәскеу қаласына өзінің арнайы брэндтік салқындатылған етін шығарып отыр. Күні бүгін 70 тонна жөнелтсе, жылдың аяғына дейін 330 тонна ет жібереді.

Итальяндықтармен бірлесіп жасалып жатқан қуаты тәулігіне 1200 бас бағылан етін өндіру кешенінің құрылысы бойынша инвестициялық жоба келесі жылы іске қосылады. Бұл 283 жаңа жұмыс орнын ашуға және 9 мың тонна ет өнімін экспорттауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде ет экспортын 2015 жылы 5 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!