Азия даму банкі Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылуына көмектеспек

Фотография - Азия даму банкі Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына қосылуына көмектеспек

Азия даму банкі Қазақстанның 2050 жылға қарай бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарынына қосылу мақсатына көмек беруге дайын

232 0

Азия даму банкі Қазақстанның 2050 жылға қарай бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарынына қосылу мақсатына көмек беруге дайын. Бұл туралы бүгін Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының 12-ші министрлер конференциясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында аталған банк президенті Такехико Накао айтты.

«Азия даму банкі Қазақстанның 2050 жылға қарай бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарынына қосылу мақсатына көмек беруге дайын. Біздің қолдауымыз инырақұрылымдар мен коммуналдық қызметтерді жаңғыртуға, шағы және орта бизнес үшін қаржыландырудың қол жетімділігін арттыруға, сауданы жандандыруға әрі мемлекеттік жеке серіктестік арқылы инфрақұрылымдарды инвестициялауды жақстаруға бағытталған», - деді ол.

Бұл ретте банк басшысы жеке секторды дамыту, өңірлік ынтымақтастық, білім, қоршаған ортаны қорғау және гендерлік теңдік салаларындағы институционалды реформалар Қазақстанның жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізуіне септігін тигізетіндігін баса айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!