Қарағанды облысы әлемнің 100 елімен сауда-саттық жүргізуде

Фотография - Қарағанды облысы әлемнің 100 елімен сауда-саттық жүргізуде

Қарағанды облысы әлемнің 100-ден астам елімен сауда жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің басшысы әкімі Бауыржан Әбдішев мәлім етті

169 0

Қарағанды облысы әлемнің 100-ден астам елімен сауда жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған өңірдің басшысы әкімі Бауыржан Әбдішев мәлім етті.

Әкімнің айтуынша, қарағандылық өнім 44 елге экспортталса, ал тауарлар әлемнің 98 елінен импортталады. Биылғы тоғыз айда сыртқы тауар айналымы 7,2 млрд. теңгені құраған, бұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,6 пайызға жоғары.Соның ішінде бұл соманың 6 миллиардтан астамы экспортқа тиесілі. Экспорт құрылымындағы тауарлардың құрылымында 82 пайызы - металдар мен одан жасалған бұйымдар, ал импорт құрылымындағы тауарлардың 40 пайызы - машиналар мен жабдықтар.

Бұған қоса, Б. Әбдішев Кеден одағы елдерімен тауар айналымы 1,2 млрд. теңгені құрағанын атап өтті. Негізгі әріптес ретінде Ресей жағы алға шығып отыр. Бұл елге 700,6 млн. теңгенің өнімі экспортталады. Көршілес елден келетін импорт көлемі 517 млн. теңгені құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!