Грузияның Премьер-Министрі Қазақстан инвестицияларын қайтарып алуға үмітті

Фотография - Грузияның Премьер-Министрі Қазақстан инвестицияларын қайтарып алуға үмітті

Грузия Премьер-Министрі Бидзина Иванишвили елге Қазақстан инвестицияларын қайтарып алу жөнінде белсенді жұмыс істеуде

359 0

Грузия Премьер-Министрі Бидзина Иванишвили елге Қазақстан инвестицияларын қайтарып алу жөнінде белсенді жұмыс істеуде.

Бұл туралы бүгін ол «Кавкасия» телекомпаниясының эфирі арқылы мәлімдеді.

«Бір кездері зор ынталылық байқалды. Грузияға көптеген қазақ инвесторлары келіп, көп жұмысты атқармақ болған. Бір уақытта бәрі бас тартып, кетіп қалды. Біз қазір мұны жөндеуге тырысудамыз. Біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеудеміз және қазақ инвесторлары міндетті түрде қайтып оралады» - деді Б.Иванишвили.

Оның сөзіне қарағанда, Орта Азиядан Каспий теңізі арқылы жыл сайын мұнай өнімі миллион тоннаға аз тасымалданатын болған.

«Біз көп энергия жұмсап, бұл мәселені басқаша шеше алмайтын болғандықтан, мемлекет, президент деңгейіне шықтық. Грузияға іс жүзінде жоғалып кеткен функция қайтарылатын болады, себебі қазір Қазақстаннан іс жүзінде ештеңе кірмейді» - деді Б.Иванишвили.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!