БҚО-да 2010-2013 жылдары 38,5 млрд. теңгенің 255 жобасы мақұлданды

Фотография - БҚО-да 2010-2013 жылдары 38,5 млрд. теңгенің 255 жобасы мақұлданды

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 2010-2013 жылдары аймақтық үйлестіру кеңесі несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және инфрақұрылымды тарту бағытында 38,5 млрд. теңгенің 255 жобасын қолдады

377 0

Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына сәйкес 2010-2013 жылдары аймақтық үйлестіру кеңесі несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және инфрақұрылымды тарту бағытында 38,5 млрд. теңгенің 255 жобасын қолдады.

Облыстық инновациялық даму және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Аслан Жақыповтың айтуынша, соның ішінде ауылдық жердегі 11,1 млрд. теңгенің 62 жобасы мақұлданды. Субсидиялауға ұсынылған ұсынылған жобалар көбіне мал шаруашылығы саласында мал бағылатын нүктелерге электр желісін жеткізуді көздейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған «Белес-Агро» ЖШС-ның, «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-ның және басқаларының жобаларына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Сонымен бірге ауыл кәсіпкерлерінің несиеге қол жеткізу қиындығы сақталып келеді. Екінші деңгейдегі банктер қала аумағында кепілдеменің болуын талап етеді. Ал ауылдық жерде кепілдеме болса да, банктер олардың құнын төмендете отырып, кепілге алады. Соның салдарынан Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы, Қаратөбе аудандарының жобаларын банктер несиелемей келеді. Бұл бағытта облыс пен басқарма басшылығы банк өкілдерімен кездесу өткізіп, тиісті шара алынуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!