Мемлекеттік сатып алу талаптары өзгереді

Фотография - Мемлекеттік сатып алу талаптары өзгереді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

147 0

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда маңызды жәйттердің бірі тапсырыс берушілердің сапасыз тауарлар, қызметтер сатып алуы болып табылады. Осыған байланысты мынадай жаңалық ұсынылып отыр: әлеуетті өнім берушілер өз өтінімдеріне ұсынғн техникалық ерекшеліктерді бағалау кезінде сараптамалық комиссия тауарлардың ең үздік техникалық ерекшеліктерін іріктеп алатын болады. Оған әлеуетті өнім берушілер өз баға ұсыныстарын бере алады», - деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, бұл түзетудің нәтижесі тапсырыс берушілердің неғұрлым сапалы тауарлар/қызметтерді сатып алуы, сондай-ақ өнім берушілерді неғұрлым сапалы тауарларды беруге ынталандыруға өз көмегін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік,Үкіметтің 11 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті игермеудің көлемі 150 млрд теңгеден асқанын сынға алған болатын. Министр келтірген мәлімкетке қарағанда қаражатты толық игермеуге мемлекеттік сатып алу кезіндегі тәртіп бұзушылықтарда өз әсерін тигізген. Бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралып, 16 қазанда Мәжілістің қарауына берілген.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!