Қазақстандағы лотерея нарығының айналымы жылына 5 млрд. теңгені құрайды

Фотография - Қазақстандағы лотерея нарығының айналымы жылына 5 млрд. теңгені құрайды

 Қазақстандағы лотерея нарығының орташа айналымы жылына 5 млрд. теңгені құрап отыр

327 0

 Қазақстандағы лотерея нарығының орташа айналымы жылына 5 млрд. теңгені құрап отыр деп мәлімдеді республиканың спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов.


«Қазақстандағы лотерея нарығының орташа айналымы жылына 5 млрд. теңгені құрап отыр. Қазіргі күні елімізде лотереяны ұйымдастыру мен басқаруға қатысты 70 лицензияланған шаруашылық субъекті бар, бәрі қазақстандық ұйым. Олардың нақты қызметті жүзеге асырып жатқандары 10 ұйым ғана», - деді Қожағапанов мәжілісте (парламенттің төменгі палатасы) заң жобасының таныстырылымында.


Агенттік төрағасының мәліметінше, лотерея өткізуден мемлекетке түскен салық пен басқа да төлемдер мөлшері 2009 жылы 48 млн. теңгені құраған болатын. 2010 жылы бұл көрсеткіш 150 млн. теңгені құраса, 2011 жылы 200 млн. теңге, ал 2012 жылы 400 млн. теңгеден асты - деп хабарлады newskaz.kz


«Лотерея қызметін ұйымдастырушылар ешқандай да тауар шығармастан, ешқандай қызмет көрсетпестен шаруашылық субъектілеріне қарастырған стандартты салықты төлеушілер болып табылады. Бұдан бөлек, осы нарықтағы айналым ауқымды болғанымен, айтарлықтай проблемалар баршылық. Өйткені, саланы реттеудің нақты тетіктері қамтылған емес», - деп түйіндеді сөзін Қожағапанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!