Қазақстанда қыркүйек айында ең жоғары жалақы 3 млн теңгені құрады

Фотография - Қазақстанда қыркүйек айында ең жоғары жалақы 3 млн теңгені құрады

HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы hh.kz сайтындағы Қазақстанның барлық облысы бойынша жалақысы көтсетілген 4 983 бос орынға талдау жасап, қыркүйек айындағы жұмыс берушілердің ең жоғары және ең төмен ұсыныстарын жария етті

169 0

HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы hh.kz сайтындағы Қазақстанның барлық облысы бойынша жалақысы көтсетілген 4 983 бос орынға талдау жасап, қыркүйек айындағы жұмыс берушілердің ең жоғары және ең төмен ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Айлығы көрсетілмеген бос орын есепке алынған жоқ. Ең «қымбат» бос орын Алматы қаласынан болды. Ірі индустриалды компанияға «Атқарушы директор» қажет екен. Жалақысы 10-нан 20 мың долларға дейін (персонал мен кадр консалтингін іріктеу бойынша компания атынан жарияланған). Табысты үміткерге қойылған негнізгі талаптардың бірі - 2013 жылы компанияны ІРО-ға шығару.

Қыркүйек айының жоғары айлық ұсынылған бос орындарының ішінде мына облыстар алға шықты: Маңғыстау («Production Manager», айлығы - 7 000-нан 12 000 долларға дейін), Оңтүстік Қазақстан («Маркетинг бөлімінің бастығы», айлығы – 500 000 теңге), Атырау («Қаржы директоры», айлығы– 3 000 доллардан бастап) және Шығыс Қазақстан («Жер асты кенішінің бас инженері», айлығы - 419 675-тен 524 596 теңгеге дейін).

Жұмыс іздеушілерге өткен айда ең аз айлық жалақы Ақтөбе («Кеңсе менеджері», айлығы – 25 мыңнан 78 мың теңгеге дейін), Алматы («Спорт репортері», айлығы – 50 доллардан 500 долларға дейін) және Қостанай облыстарында (« ПК операторы», айлығы – 38 500 теңгеден бастап) ұсынылды.

hh.kz сайтының берген мәліметтері бойынша қыркүйек айында жұмыс берушілердің ұсынған орташа жалақысы 119 500 теңгені құрады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!