Қазақстан «Doing Business-2013» рейтингінде 50-орында

Фотография - Қазақстан «Doing Business-2013» рейтингінде 50-орында

Жыл сайын Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) жасайтын «Doing Business-2013» қолайлы іскерлік орта рейтингісінде Қазақстан 50-орынға жайғасып, бір саты төмен түсіп қалды, деп хабарлайды BNews.kz рейтингтің ресми сайтына сілтеме жасап.

194 0

Жыл сайын Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) жасайтын «Doing Business-2013» қолайлы іскерлік орта рейтингісінде Қазақстан 50-орынға жайғасып, бір саты төмен түсіп қалды, деп хабарлайды BNews.kz рейтингтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге салар болсақ, өткен жылы еліміз 49-орынға орналасқан болатын. Посткеңестік елдер арасында рейтинг бойынша бұрынғыша тізімді Грузия бастап тұр. Ол былтырғы 9-орын көрсеткішін бір жыл ішінде тағы екі сатыға жақсартып, 7-орынға көтерілген. Оның соңында Литва (17) тұр. Эстония былтырғы көрсеткішінен бір саты төмендеп, 22-орынға орналасса, Латвия, керісінше, қолайлы бизнес жағдайын бір саты жақсартып, 24-орынға жайғасты. Ал Армения бір жыл бұрынғы 32-орыннан бес саты төмендеп, 37-орынға сырғыған. Ал Қытай (96), Ресей (92), Түркия (69-орын), Италия (65) мен Испания (52) сынды елдерді артқа тастаған Қазақстан бұл жолы 50-орынды місе тұтыпты.

Ресей өткен жылғыға қарағанда бизнес саласындағы жағдайын біршама жақсартып, 112-орыннан 92-орынға көтерілген екен. Украина да 137-орыннан 112-ге жоғарылаған. Тәжікстан екі саты төмендеп, 143-ке түссе, Өзбекстан 154-орыннан 146-орынға биіктепті. Ал қырғызстанның жағдайы Түркиядан да жақсы екен, 68-орында.

Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы жағдай жасалған елдер тізімін сегіз жыл қатарынан Сингапур бастап келеді. Сонымен қатар бірінші бестікке, өткен жылғыдай, Гонконг, Жаңа Зеландия, АҚШ және Дания енді. Ал тізімнің соңындағы екі ел, Чад пен ОАР орын ауысқанға ұқсайды. Былтыр тізімнің соңын бекіткен ОАР 188-орында, ал оның орнын (189) Чад басқан.

«Doing Business» рейтингісін жасау кезінде елдер 10 көрсеткіш бойынша бағаланады, олар компанияны құру, қызмет етуі және жабу кезіндегі шығындарды, құрылысқа рұқсат алу кезіндегі шығындарды, сонымен қатар салықтар мен сыртқы сауда тәртібін қамтиды. Биылғы жылы «Doing Business» рейтингісі он бірінші мәрте жарияланып отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!