Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды

Фотография - Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды

Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық қаржы бөлімінің басшысы Айдарбек Жұматов хабарлады

276 0

Қызылорда қаласы бюджетінің кіріс бөлігі 107,2 пайызға орындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте қалалық қаржы бөлімінің басшысы Айдарбек Жұматов хабарлады.

Қала бюджетінің кіріс бөлігі (жоспар 25918,5 млн. теңге) 27780,1 млн.теңгеге немесе 107,2 пайызға орындалып, қала бюджетіне 1861,5 млн. теңге артығымен түскен. Оның ішінде қаланың 5820,3 млн. теңге өз кірістер жоспары, 7681,5 млн.теңгеге немесе 132 пайызға орындалған. Жоғары бюджеттен түсетін 18782,5 млн.теңге трансферттер түсімдері 100 пайыз түскен, жоғары бюджеттен берілетін қарыздар түсімдері 100 пайызға орындалып, 1315,7 млн. теңге түскен.

Халық қажеттілігі үшін бюджет қаражатының тиімді, өз мақсатына жұмсалуына әр мекеменің бірінші басшысы тікелей жауапты болатындығын баса айтқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сала басшыларына қаржының уақтылы әрі сапалы игерілуін қатаң тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!