Доллардың бағамы күн санап өсіп келеді

Фотография - Доллардың бағамы күн санап өсіп келеді

Доллардың бағамы екі күн қатарынан өсуде

197 0

Доллардың бағамы екі күн қатарынан өсуде. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 25қазандағы KASE-гі кешкі сессияның қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының құны 153,97 теңгені құраған болатын.

Дүйсенбіден бастап оның құны жәйлеп өсе бастады. Егер 28 қазандағы таңертеңгілік сессияның қорытындысына назар аударсақ, онда бір доллардың құны 154,09 теңгеге дейін өскен. Дәл осы күннің күндізгі сессиясының жабылу сәтіне ең үздік баға белгілеулері – бір АҚШ долларына 154,35/154,37 теңге болды. Ал, кешкі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір АҚШ долларына 154,39 теңгені көрсетті. Қазанның 29-ғы күндізгі сессиясында доллардың бағамы бір АҚШ долларына 154,37 теңгені құрап, күшейе түсті.

Әрине, доллар қымбаттап, теңге құнсыздануда деп байбалам салудан аулақпыз. Әйтседе, бұл мәселеде Ұлттық банк жұмған аузын әліде ашпағаны жасырын емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!