Тұтынушылық несие көлемі қазақстандықтардың тоқсандық табысынан екі есе көп

Фотография - Тұтынушылық несие көлемі қазақстандықтардың тоқсандық табысынан екі есе көп

Биыл берілген тұтынушылық несие көлемі республикалық жалақы қорының 42% құрады

219 0

Биыл берілген тұтынушылық несие көлемі республикалық жалақы қорының 42% құрады. Дәлірек айтсақ, 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында бұл несие көлемі 1,3 трлн. теңгеге жетсе, жалақы қоры 3 трлн. теңге болды. Өткен жылы берілген несие көлемі жалақы қорының 29,5%, 2011 жылы - 22,4% құраған.

Қазіргі таңда халық банктерден белсенді түрде несие алуда. Егер 2012 жылдың алғашқы жарты жылдығында бір қазақстандықтың банк алдындағы берешегі 73,3 мың теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 107,3 мың теңгені көрсетіп тұр. Жалпы тұтынушылық несие көлемі бір азаматтың тоқсандық табысынан екі есе көп. Бұл дегеніңіз оның алты айлық жалақысы. Бір жыл бұрын ипотекалық қарыздарды қоспағанда бұл көрсеткіш 4,5 айлық табысты құраған.

Бір қызығы халық банк алдындағы берешегін уақытылы өтеп келеді. Қазіргі таңда тұтынушылық несие бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 8,9%, ал жалпы несие нарығында ол 18,8% тең.

Жыл басынан бері тұтынушылық несие банк беретін жалпы несие көлемінің 18,6% құрады. Өткен жылы ол 14,2% болған. Тіпті, қыркүйек айының қорытындысы бойынша тұтынушылық несие 2 трлн. теңгеден асып кетуі мүмкін, - дейді мамандар.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!