Кувейттің мемлекеттік бюджеті қысқарады

Фотография - Кувейттің мемлекеттік бюджеті қысқарады

Кувейт әлемдегі мұнай экспорттайтын ең бай мемлекет. Сондай-ақ, елдің 1,2 млн. азаматына арналған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де дүние жүзін таң қалдыруда. Алайда «батпан құйрық» дәуірі ел азаматары үшін біткен секілді

306 0

Кувейт әлемдегі мұнай экспорттайтын ең бай мемлекет. Сондай-ақ, елдің 1,2 млн. азаматына арналған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі де дүние жүзін таң қалдыруда. Алайда «батпан құйрық» дәуірі ел азаматары үшін біткен секілді, деп хабарлайды russian.rt.com сайты.

Жақында ғана мемлекеттің премьер-министрі Шейх Джабер Мүбәрәк әл-Сабах Кувейттің алдағы 4 жылға даму жоспарын парлементке таныстырды. Оның айтуынша, бүгінгі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі тиімсіз.

Жаңа жоспар бойынша тарифтерді субсидиялау мен көп пайдаланылатын қызмет түрлерінің бағасы өзгертіледі. Сонымен қатар, мемлекетте салық жүйесі енгізілмек.

Естеріңізге сала кетейік, осы күнге дейін жергілікті жұрт мемлекетке еш салық төлемеген. Оның үстіне бұл саладағы кірістің 94% мұнай сатудан түскен табыстан алынып отырған. Енді үкімет мемлекеттік шығын көлемін қысқартпақ. Атап айтатын болсақ, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы, жәрдемақы көлемі мен әскери бюджет қысқартылады.

«Егер Кувейт бүгінгі жүйеден бас тарпаса, онда 2021 жылы бюджет тапшылығымен алысуына тура келеді. Ал, 2035 жылы мемлекеттің қарызы 1,46 трлн. долларға жетеді», - деп министрлер кабинетінің басшысы қатаң ескертті.

Соңғы жеті жылдың ішінде мемлекеттің шығыны 3 есе артқан. Елде халыққа көрсетілетін көптеген қызмет түрлерінің бағасы төмен немесе ақысыз көрсетіледі. Ақпарат көзіне сенсек, Кувейт азаматтарымен осы елде тұратын 2,7 млн. шетелдіктер электр жарығы мен суға оның нарықтағы бағасының 5% ғана төлейді екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!