Парламент Азия даму банкінен 125 млн. доллар қарыз алатын келісімді қабылдады

Фотография - Парламент Азия даму банкінен 125 млн. доллар қарыз алатын келісімді қабылдады

Бүгін спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады

216 0

Бүгін спикер Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Келісім Азия Даму Банкінің Қазақстанға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі шеңберінде «Шымкент-Ташкент» жол учаскесін дамыту үшін қарыз беруді көздейді.

Келісімге сәйкес, 125 млн. доллар сомасындағы қарыз Қазақстанға төрт жылдық жеңілдікті қоса алғанда 16 жылға беріліп отыр. Бұл ретте ҚР Үкіметінің бірлесіп қаржыландырылуы 22 млн доллардан аспайды. Бұл ретте республикалық бюджет қаражаты құрылыс жұмыстарын бірлесіп қаржыландыруға, сонымен қатар, салықтарды төлеуге жұмсалатын болады.

Жалпы, Азия Даму Банкі қарызы «Шымкент - Ташкент» жолы учаскесі шеңберінде 705 шақырым және 742 шақырым арасындағы ұзындығы 36,7 шақырым жол учаскесін қайта жөндеуге жұмсалады. Жобаны жүзеге асыру еліміздің көліктік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етіп, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын айтарлықтай арттырады. Бұл өз кезегінде транзиттік жүктердің жүк айналымын ұлғайтуға ықпал етеді және барлық деңгейдегі бюджеттердің кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоба 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп күтіледі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!