Ертеңнен бастап Ұлттық банк ескі банкноттарды қабылдамайды

Фотография - Ертеңнен бастап Ұлттық банк ескі банкноттарды қабылдамайды

ҚР Ұлттық банкі қарашаның бірінен бастап 1994 жылы шығарылған 1000 теңге мен 1996 жылы шығарылған 2000 теңгені қабылдамайтын болады

177 0

ҚР Ұлттық банкі қарашаның бірінен бастап 1994 жылы шығарылған 1000 теңге мен 1996 жылы шығарылған 2000 теңгені қабылдамайтын болады.

Ұлттық банктің 2001 жылдың 29 қыркүйегіндегі № 377 «Айналымда жүрген ескі ұлттық валюталарды айырбастау» туралы қаулысына сәйкес ҚР Ұлттық банкінің филиалдары 2003 жылдың бірінші қарашасынан бастап номиналы 1000 және 2000 теңге болатын, сәйкесінше 1994 және 1996 жылдары шығарылған валюталарды айырбастап келеді. Бүгінге дейін заңды және жеке тұлғаларға аталмыш ақша белгілерін алмастырып беру арнайы сараптамалық зерттеуден кейін жүргізілген.

Алайда, берілген мерзімнің аяқталуына орай ескі 1000 және 2000 теңгелік купюраларды айырбастау 2013 жылдың қарашасының бірінен бастап тоқтатылады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!