2014 жылы мал шаруашылығын дамытуға бөлiнетiн қаражат 35%-ға артады

Фотография - 2014 жылы мал шаруашылығын дамытуға бөлiнетiн қаражат 35%-ға артады

Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен аптасайынғы брифингте ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрi Мүслiм Өмiряев мәлiмдедi.

230 0

2014 жылы мал шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражат 35%-ға артады. Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен аптасайынғы брифингте ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрi Мүслiм Өмiряев мәлiмдедi.

«Агробизнес - 2020» бадарламасында қаржының қолжетiмдiлiгiн арттыру, жаңа техника мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидиялар беру, займдарды кепiлдендiру жолдары арқылы өнiмнiң өзiндiк құнын азайту шаралары көзделген. Мал шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат көлемi 2014 жылдан бастап 35%-ға көбейтiлмек», - дедi вице-министр.

Оның айтуынша, сондай-ақ, қолданыстағы бағдарламада қайта өңдеушi кәсiпорындардың шикiзат сатып алуға кеткен шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi көздейтiн жаңа механизм қарастырылған.

«Бұл қант қызылшасынан қант өндiруге және сүттен сары май, iрiмшiк және ұрғақ сүт өндiруге арналған», - деп түйіндеді Өміряев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!