Қазкомның басқарма құрамында өзгерістер болды

Фотография - Қазкомның басқарма құрамында өзгерістер болды

деп хабарлайды банктің баспсөз қызметі.

213 0

Бүгіннен бастап басқарушы директор Андрей Тимченко «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма құрамынан шығады, деп хабарлайды банктің баспсөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, А.Тимченко өз еркімен жұмыстан босатылды.

Андрей Тимченко банкте 1998 жылдан бастап жұмыс істейді, 2003 жылдың шілдесінен бастап басқарушы директор қызметін атқарды.

Айта кетейік, «Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Банктің 2013 жылғы 30 маусымдағы активтері 2 650,2 млрд теңгені құрады.

Банк зейнетақылық қамтамасыз ету, зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін еншілес компанияларға ие. Сонымен қатар Банктің Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында еншілес банктері бар.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!