Қазақстанда қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1%-ға төмендеді

Фотография - Қазақстанда қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1%-ға төмендеді

2013 жылғы қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1%-ға төмендеді

204 0

2013 жылғы қазанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 1%-ға төмендеді.

Ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 0,5%-ға төмендеді. Өндірілген өнім 1% арзандады, өндірістік сипаттағы қызметтер – 0,2%-ға қымбаттады.


Өткен айда бағаның мұнайға 2,1%-ға төмендеуі, сұйытылған пропан мен бутанға – 6,4%, бензинге – 5,9%, керосинге – 5,8%, отындық мазутқа – 2,3%, көмірге – 2%-ға, газ конденсатына және дизельдік отынға – 1%-дан, табиғи газға – 0,5%-ға жоғарылауы тіркелді.


Бір айда баға қорғасынға 7,4%, мырышқа – 6,6%, мысқа – 6,5%, ферроқорытпаларға – 1,3%, асыл металдарға – 0,7%, өңделмеген алюминийге – 0,6%-ға төмендеді, қара металдар илегіне – 0,8%-ға жоғарылады - деп хабарлады newskaz.kz


Бидай ұны – 3,6%, құс еті – 2,6%, жармалар – 1,9%, макарон өнімдері – 0,6%-ға, қант мен өсімдік майы – 0,3%-дан арзандады, мал еті – 1,8%, сүт өнімдері – 0,3%-ға қымбаттады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!