Жапония халал өнімдер импортына қаржылай демеу көрсетеді

Фотография - Жапония халал өнімдер импортына қаржылай демеу көрсетеді

Жапония билігі шариғат талаптарына сай мал сойылатын қасапхана құрылысына қаржылай қолдау көрсету арқылы мұсылман елдеріне ауылшаруашылық өнімдерді экспорттауды қолға алмақшы.

203 0

Жапония билігі шариғат талаптарына сай мал сойылатын қасапхана құрылысына қаржылай қолдау көрсету арқылы мұсылман елдеріне ауылшаруашылық өнімдерді экспорттауды қолға алмақшы.

Жапония халал ет өндірісінің жарты бағасы үшін демеуқаржы бөлуді жоспарлап отыр. Жапон билігінің бұл бағыттағы стратегиясы мынаған саяды: ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын (әсіресе, сиыр еті, жеміс-жидек пен көкөніс бойынша) екі есеге, яғни, 2020 жылға қарай 10,3 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл межеге сиыр етінің экспортын бес есе арттыру арқылы, яғни, қазіргі уақыттағы 53 млн доллар мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда алдағы уақытта 260 млн долларға дейін өсіру арқылы қол жеткізбек. Жапония халал ет өнімін мұсылмандар көп шоғырланған, халқы тығыз орналасқан Сауд Арабиясы, Индонезия және Малайзия секілді елдерге экспорттамақ. Бүгінгі таңда Жапония сиыр еті Таиланд пен Гонконгқа, аздаған бөлігі Біріккен Араб Әмірліктеріне  тасымалданады.

Жапония билігі, сонымен қатар, жеміс-жидек экспортын да, нақтырақ айтқанда, қазіргі уақыттағы 82 млн доллар межені құрайтын бұл көрсеткішті 2020 жылға таман 260 млн долларға дейін арттыруды көздеп отыр.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!