ТМРА төрағасы АИ-92 бензинінiң қымбаттау себебiн түсiндiрдi

Фотография - ТМРА төрағасы АИ-92 бензинінiң қымбаттау себебiн түсiндiрдi

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң трағасы Мұрат Оспанов бүгінгі брифинг барысында АИ-92 маркалы бензиннiң қымбаттау себебiн түсiндiрдi

175 0

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң трағасы Мұрат Оспанов бүгінгі брифинг барысында АИ-92 маркалы бензиннiң қымбаттау себебiн түсiндiрдi.

«Елiмiзде АИ-92 бензинiнiң қымбаттауына байланысты айтар болсам, бiрiншiден, аталған мәселеге мамандардың үлкен тобымен талдау жасалып, зерттеу жүргiзiлуде. Себебi, ТМРА бұйрығы ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау және Мұнай және газ министрлiктерiмен келiсiледi. Екiншiден, бiзде нарықтық экономика жүйелендiрудi қажет етедi. Жыл басынан берi мұнай баррелiнiң бағасы тұрақтамай отыр және бiз осыған байланысты ай сайын өсу мен төмендеуге байланысты бағаны өзгертiп тұрар едiк. Бiрақ, бiз қандай да бiр тұрақтылық болсын деген мақсатта сол бағаны ұстап қалдық», - дедi агенттiк төрағасы.

Оның айтуынша, ешқандай тапшылық болмаған, мұнай-газ өңдейтiн зауыттар сұранысты толық қамтамасыз еткен - деп хабарлады  bnews.kz

«Алайда, осы жылы күзге қарай АИ-92 және АИ-93 бензиндерiнiң тапшы болып қалу қаупi туындады. Себебi, осы марканың 40%-ы Ресейден импортталады. Бiз осыны негiзге ала отырып, май құю орындарында бензин тапшылығы болмас үшiн, Ресейден импорттық бензиннiң тасымалдануын қалыптандыру үшiн бiз бензин бағасын 115 теңгеге дейiн арттыру жолын таңдадық және бұл формуланы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қолданысқа енгiздiк», - деп толықтырды М.Оспанов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!