Баспана салуға бөлінген 18 млрд. теңге негізсіз жұмсалған

Фотография - Баспана салуға бөлінген 18 млрд. теңге негізсіз жұмсалған

Қолжетімді баспана бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 18 млрд. теңге Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында дұрыс игерілмеген

170 0


Қолжетімді баспана бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 18 млрд. теңге Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында дұрыс игерілмеген. Жобаны іске асыруға жауапты тұлғалар ақшаны қалтаға басуға тырысқандары анықталған. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева Орталық коммуикациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

«Мемлекет басшысы 2013 жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында елде шешілмей отырған бірқатар түйткілді мәселелерді басып көрсеткен еді. Жиында айтылған мәселелер төңірегінде төрт өңірде болып, елдің тыныс-тіршілігін біліп қайттық. Тұрғын үйге қатысты халықтың айтар назы көп. Мәселен, тұрғын үйді жаңарту, жаңасын салу бойынша жұмыстар көзге көрінбейді.

Дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деп отырмыз. Ол үшін әуелі тұрғындардың әл-ауқатын, басындағы баспанасын түзетуіміз керек емес пе. Сонымен қатар, жүріп жатқан жұмыстар жайлы Үкімет хабардар болуы тиіс еді. Осы тұрғыдан алғанда жобаны іске асырушылар Үкіметке уақтылы ақпарат беріп отырмаған», - дейді А.Соловьева.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!