Министр ел нарығындағы белорусь еті жайында айтып берді

Фотография - Министр ел нарығындағы белорусь еті жайында айтып берді

Үкімет жұмысын қатаң сынға алған Мемлекет басшысы ел нарығындағы еттің басым бөлігі Белоруссиядан тасымалданып жатқандығын айтқан болатын. Мұнан кейін қоғамда қызу пікірталас туып, жеп отырған етіміздің халал-халал еместігі өз алдына бөлек дауға айналған еді. Бүгін Мәжіліс депуттарының алдында есеп берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді

213 0

Үкімет жұмысын қатаң сынға алған Мемлекет басшысы ел нарығындағы еттің басым бөлігі Белоруссиядан тасымалданып жатқандығын айтқан болатын. Мұнан кейін қоғамда қызу пікірталас туып, жеп отырған етіміздің халал-халал еместігі өз алдына бөлек дауға айналған еді. Бүгін Мәжіліс депуттарының алдында есеп берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді.

Министрдің айьуынша, бұл мәселенің басты екі себебі бар. Алғашқысы - белорусь етінің арзандығы, екіншісі - тұрақты қазақстандық тасымалдаушылардың болмауы.

"Белорусь тарапы ұсынып отырған еттің бағасы біздің фермерлер бекіткен бағадан төмен. Оның үстіне, біздің елде қазір зауыттарға тұрақты түрде ет тасымалымен айналысатын компаниялар жоқ. Ет өндірісімен айналысатын зауыттар болса шикізатты тұрақты тұрақты түрде бір орыннан алып отыруы керек. Міне осы негізгі екі проблема" деді Асылжан Мамытбеков.

"Белоруссиядан келетін ет халық тұтынуы үшін емес. Ол еттің түрі біз қазір жеп отырған ет секілді емес, Оны қайта өңдейді" деп сөзін қорытты министр.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!