Айналымда жүрген карталардың 41% ғана тұрақты пайдаланылады

Фотография - Айналымда жүрген карталардың 41% ғана тұрақты пайдаланылады

Қазақстанда бір жыл ішінде төлем карталары 3 миллионға көбейді. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша айналымдағы карталар саны 14,6 миллионды құрайды

223 0

Қазақстанда бір жыл ішінде төлем карталары 3 миллионға көбейді. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша айналымдағы карталар саны 14,6 миллионды құрайды. Жаңа карталар эмиссиясының қарқыны төлем инфрақұрылымына жаңа қолданушыларды тарту қарқынынан жоғары болып тұр. Қолданыстағы карталардың саны 2013-2012 жылдардың қыркүйектері аралығында 110 мыңнан 6 миллионға дейін өскен. Қолданыстағы карталардың айналымдағы барлық карталардағы үлесі кейінгі бір жыл ішінде 51-ден 41%-ға төмендеген. Дебеттік карталардың әрбір екіншісі жиі қолданыста болса, кредиткалардың тек әрбір сегізіншісі ғана қолданыста, - деп Ranking.kz порталы жазады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!